From Wikipedia, the free encyclopedia
Жабысқақ қандыағаш (Alnus glutіnosa) — қайыңдар тұқымдасы қандыағаш туысына жататын бір үйлі ағаш.
Жабысқақ қандыағаш | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жабысқақ қандыағаш
| ||||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Alnus glutinosa (Карл Линней) Gaertn. | ||||||||||||||||||
Қазақстанда Жайық, Елек, Тобыл өзендері бойында, Құсмұрын к-нің жағасында, Ерейментау, Қарқаралы, Баянаула таулы аймағында өседі. Биіктігі 20 — 30 м келетін қара қоңыр түсті қабықты ағаш. Жас бұтақтары жылтыр, қызыл қоңыр үсті, желімді түктері болады. Бүршіктері жұмыртқа тәрізді, дөңгелектенген жапырақтарының (ұзындығы 4 — 12 см, ені 3 — 7 см.) бет жағындағы жолақтары айқын көрініп тұрады. Сырғалары (аталық та, аналық та) 3 — 5-тен топтасады. Дара жынысты, тұқымынан және вегетативтік (атпа тамырлары арқылы) жолмен көбейеді. Бүрі сәуір — мамырда ашылады. Жемісі — бір тұқымды, қос қанатты, қызыл-қоңыр түсті, желмен таралатын жаңғақша. Жабысқақ қандыағаш — дәрілік өсімдік. Оның қабығында илік заттар (5 — 9%), бүршігінде алкалоид (14 — 16%), жапырағында салицил, спирт және түрлі органикалық қышқылдар болады. Жабысқақ қандыағаштан алынған тұнба медицинада тоқ ішек қабынғанда, құяңға, суық тигенде қолданылады. Оның қабығынан түрлі түсті бояу алынады. Жабысқақ қандыағаштың сүрегі жеңіл, қызыл түсті, одан үй жиhаздары, ыдыс жасалады, құрылыстарда пайдаланылады. Жабысқақ қандыағаш, өте сирек кездесетін реликті өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.